«Наурыз-Бану» бөбекжайы Түркістан облысы Сайрам ауданы, Манкент ауылы, Жамал апа №3 а ғимаратта орналаақан. Бөбекжай келешек,ел басқарар, жер суына иелік етер, елін халқын гүлдендірер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Бөбекжай ұжымы келешек ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне қызмет етуде. «Наурыз-Бану» бөбекжайы жеке мекемесі 2014 жылы қазан айынын бастап іске қосылып, оқу-тәрбие жұмысы жүргізілуде. Жаңа үлгідегі ынғайластырылған ғимаратта орналасқан. Ғимарат екі қабаттан тұрады. Топ бөлмелері, жатын және қабылдау бөлмелері жеке қарастырылған. Бөбекжай қуаттылығы 100 орын. Бөбекжайда 4 топта 100 бала тәрбиеленіп, 27 қызметкер жұмыс атқаруда. Бөбекжайда білікті де, білімді педагогтарымыз жұмыс атқаруда. Оқу тәрбие үрдісіне 15 педагог мамандармен қамтамасыз етілген. Онда жоғары білімдісі-14, орта арнаулы — 1.
Аумағы түгел қоршалған аула өсімдіктермен көгалдандырылған, абаттандырылған, таза ауада ойнап өсу жағдайы жасалған.


Ерте жас «Моншақ» тобы, «Балбөбек» кіші топ, «Балдәурен» орта топ және «Жұлдыз» ересек топтары бар. Барлық топтарда жатын бөлмелері, ойын-сабақ бөлмелері, әжетхана-жуыну бөлмелері және тамақтандыру бұрыштары бар.
Сонымен қатар ғимаратта меңгеруші кабинеті, музыка залы, әдіскер кабинеті, орналасқан.
Бөбекжай-бақшаның ғимаратында ас блогы мен кір жуу бөлмесі, көкөністер мен жемістерді сақтайтын қойма орналасқан.
Топтар қажетті жабдықтармен, көрнекі оқу құралдарымен жабдықталған. Санитарлық-гигиеналық талаптарына сай мекемеде ылғалды жинау жұмыстары залалсыздандыру заттарын қолдана отырып, күнделікті жүргізіледі.

«Наурыз-Бану» бөбекжайында оқу-тәрбие үрдісі мемлекеттік білім беру стандарты мен нормативті-басқару құжаттарына негізделіп іске асырылады.

«Наурыз-Бану» бөбекжайына кіру үшін ASHYQ қосымшасы орнатылған.

Яндекс.Метрика