«Баланы ата-ана тәрбиелейді.

Ата-ананы кім тәрбиелейді?»

Мақсаты:

Отбасындағы балаға  деген ата-ананың қатынасының стилін анықтау.

Орындау ережесі:

Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытыңды шығаруға көмектеседі.

Жауап варианттар мына әріптермен белгілейді:

«Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін» А – 3 балл

«Иә, бірақ барлық кезде емес»    Ә — 2 балл

«Жоқ, бұлай істей алмаймын»    Б – 1 балл

Тапсырмалар:

Сіз:

  1. Кез келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
  2. Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
  3. Балаға жіберген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
  4. Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
  5. Балаңыздың әрекеті сізді қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқынқандық сақтай білесіз бе?
  6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
  7. Еш болмаса бір минутқа өзіңізді мейірімді перзент ретінде сезіне аласыз ба?
  8. Балаңызды жаралайтыңдай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі айулақ ұстай білесіз бе?
  9. Жақсы  қылығы үшін балаңызға оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
  10. Балаңыз ойына  келгенді істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе оның әрекеттеріне еркіндік беріп тірлігіне ешқандай аралыспайтын бір күн бере аласыз ба?
  11. Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
  12. Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?

 

Яндекс.Метрика