Біздің балабақшада  4 топ орналасқан. Әр топтың өз көмекші тәрбиешілері бар. Топтардағы тазалық жұмыстары :

  1. Ылғалды жинау.
  2. Түбегейлі жинау. (генеральная уборка) болып бөлінеді.

Ылғалды жинау күнде жүргізіледі.Терезелер  алды, жылыту құрылғылары,  есіктер тұтқасымен,  ойын бөлмесіндегі ойыншық шкафтары, тамақ үстелдері, орындықтары, едендер 2 мезгіл жуылады. Төсек  кравоттары орнынан қозғалта отырып жуылады. Қабылдау бөлмесінде киім шкафтары үсті мен іші күнде сүртіледі. Асхана буфеттеріндегі шкафтар, жардағы кафельдер, унитаздар жуылады. Әжетхана тазалығы : кафельдер, унитаз,  раковиналар дезинфекциялық ерітінді қоса отырып жуылады.

Ойыншықтарды тәрбиешілер  бала қабылдамай тұрып және кешкісін бала тараған соң,  2 пайыздық сабынды содалы суда жуып, ағынды суда шаяды.

Түбегейлі жинау: әр айдың соңында бала жоқ уақытта тугел заттарды ортаға жиыстырып, дезинфекциялық ерітінді «ДеоХлор» ерітіндісін қоса жуылады.

Еден жуу тәртібі:

  1. Таза сумен жуып алады.
  2. Сабынды немесе ұнтақ пайдалана отырып жуылады.
  3. Дезинфекциялық ерітінді «ДеоХлор» пайдаланады.
  4. Құрғатып сүртіледі.

Топтардағы қоқыстар күнде уақытында шығарылып тұрады.

Көмекші тәрбиешілердің 3 ауысымда :

  1. Ішке
  2. Әжетханаға
  3. Сыртқа арналған арнайы киімдері бар.

ДеоХлор ерітіндісінің дайындалуы:

  1. Еден жууға 10 литр суға 1 таблетка 0,015 пайыз
  2. Ылғалды жинау әр топтарда ауыстырыла отырып, 10 литр суға 1 таблетка 0,015 пайыз
  3. Ыдыс аяқ жууға 15 литр суға 2 таблетка 0,03 пайыз
Рубрики:

Яндекс.Метрика